Актер Бауыржан Қаптағай: Қандай рөл болса да адал орындап шығу керек

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Бауржан Қаптағай Алматы студиясының қонағы болды. Бауыржан Қаптағай 1954 жылы Алматы облысында туған. 1976 - 1980 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. 1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Р.Сейсенбаевтың «Түнгі диалогында» Қодар, Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясында Хасен, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Нарша, Жабай, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Қазан, «Абайында» Айдар, Нарымбет, Мес, «Еңлік-Кебегінде» Есен, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Әбейсін, Б.Римованың «Абай-Әйгерімінде» Манас, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Асан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтестің әкесі, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан қажы, Шахимарденнің «Томирисінде» Март, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Жан және тағы басқа бірнеше қойлымдарда ойнайды. «Біз театрға 80-ші жылдары келдік. Одан кейін қиын жылдар басталды. Ол кезде Қазақстан енді дамып келе жатқан. Біраз адам театрдан кетті. Бірақ, шыдау керек деп ойлаймын. Біз театрда қалдық, әрі қарай еңбек ете беремін деп ойлаймын. Мен театр және кино актерімін. Шақырылымға барып, одан өткеннен кейін еңбек ету керек. Актер болған соң қандай рөл береледі, соны адал орындап шығу керек. Таңдауға салу дұрыс емес», - дейді қонақ.

Көрулер: 3 169

Ұзақтығы: 14мин 51сек

Қосылды: 10.12.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.