Алтын адам ескерткіші тарихымыздың тереңде жатқанын айғақтайды

Франция десе «Эйфель» мұнарасы, АҚШ десе «Азаттық» ескерткіші ойға оралады. Еліміздің зиялы қауым өкілдері қазақтың бренді дайын болуға лайық темір асыл мұраны «Алтын адам» жәдігерімен байланыстырады. Бұл құндылық Сақ дәуірінің өзінде өнердің жоғары деңгейде дамығанын айқындайды. Тарихшылардың пайымдауынша, Алтын адам жас көсем, әскербасы болған деседі. Бір деректерде сақтар көсемінің ұлы деген де кездеседі. Алтын адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әртүрлі құстар мен аң белгіленіп, камзолы аң стилінде буылған. Сондай-ақ, бас киімнің өзі ерекше мағынаға ие. «Алтын адам» ескерткіші туралы айтқанда, мұны тек әшекей бұйым емес, үлкен мән-мағыналы, сол кездегі идеологияны бойына жинаған ескерткіш деп қараған жөн. Елбасының «Ұлы даланың жеті қараы» атты мақаласында осы Алтын адамға арналған арнайы бөлім бар. Алтын адамның бас киімі үлкен идеологиялық символға негізделген. Ол үш әлем түсінігі: аспан, жер, су әлемі. Ол түсініктер бас киімде жануарлар арқылы бейнеленген. Бас киім әлемнің төрт бұрышына да билік жүргіземіз деген түсініктер», - дейді археология және этнография секторының жетекшісі Пердехан Мұсырманқұл. 1969 жылы археолог Кемел Ақышевтің зерттеу жұмыстарының негізінде Есік қорғаннан табылған Алтын адам тарихымыздың тереңде жатқанын айғақтайды. Ұлттық жәдігердің түпнұсқасы Астанадаға Ұлттық мүзейдің «Алтын» залында сақталған.

Көрулер: 4 565

Ұзақтығы: 2мин 40сек

Қосылды: 07.12.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.