Астанада «Шахерезада» және «Шопениана» балеттерінің премьерасы өтті

Жуырда «Астана Опера» театрының сахнасында «Шахерезада» және «Шопениана» балеттерінің премьерасы өтті. Бір-біріне ұқсамайтын екі қойылымды «Астана Опера» балет труппасының жетекшісі Алтынай Асылмұратова қойды. Фридерик Шопеннің шығармаларына билеген солисттер «Шопениананы» өз деңгейінде алып шығуға барын салған. Бұл балетті алғаш рет 1907 жылы Ресейдің танымал хореографы Михаил Фокин Маринский театрында қойған болатын. Содан бері бұл классикалық туынды балет өнерінің мұрасына айналып отыр. Сюжеті жоқ, романтикалық жанрда шыққан лирикалық балет көрерменді өткен ғасырға жетелейтіндей. Сахнада 24 солист өнер көрсетті. Парсы музыкасымен шыққан «Шахерезада» балетінде махаббат хикаясы туралы айтылады. Сахналық декорация да, солистер киімі де түрлі түспен ерекшеленеді. Бұл туынды арқылы бір сәтке болса да Шығыс мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Көрермендерді екі қойылым да бейжай қалдырмады. Олар әртістердің өнеріне тәнті болды.

Көрулер: 2 110

Ұзақтығы: 2мин 16сек

Қосылды: 06.12.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.