Актриса Гүлшат Тұтованың балалық шағы қандай болды?

Айсұлу мен Әбсаттар Ахметовтардың шаңырағында Гүлшат 3 ұлдан кейін келген, көптен күткен қыз болатын. Ата-анасы үнемі жұмыста болғандықтан көбіне ағаларының қамқорлығында болған. Ағалары кезекпен балабақшаға апарып, алып қайтады екен. Айсұлу апай қызының Роза Рымбаева секілді әнші болғанын қалады. Оның драма театрының актрисасы болатынын естігенде алдымен ренжіген. Кейін театр мен кинода танымал болған соң қызының осы жолды таңдағанына қуаныпты. Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберлік сыныбында дәріс алған Гүлшат группаласы Нұржан Тұтовпен дәм-тұзы жарасып, екеуі шаңырақ көтерді. Бүгінде өнерпаз жұбайлар екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. «Балалық шағым өте қызық өтті. Кілең ұл балалардың ішінде өстім. Көшеде қыз балалар аз болатын. Ұлдар далаға шығады, артынан біз де шығып, олар не істесе соны істейтінбіз. Ең үлкен ағам тазалыққа құмар болды. Соның тәрбиесін алдым. Бір-бірімізді жақсы түсінетінбіз. Бала кезімде қуыршақты жаратпайтынмын. Әкем қуыршақ, кітап әперіп, мені қыз бала етіп тәрбиелегісі келетін. Ол мені қатты еркелететін. Тамақты жай отырып ішпейтінмін, әкемнің желкесіне отырып ішетінмін. Әртіс боламын деп армандаған жоқпын. Бірақ менсіз ауылда ешбір концерт өтпейтін», - дейді актриса. «Бала күнінде Гүлшат сабақты жақсы оқыды. Кітаптың барлығын бөлмеге жайып тастап, түннің бір уақытында ұйықтайтын. 7-ші сыныпқа барғанда мені үйдің тірлігінен босатты. Тамағым да дайын, үйім де жинаулы болатын. Үш ұлдың ішінде өссе де тірлігіне мықты болды», - дейді анасы Айсұлу.

Көрулер: 1 852

Ұзақтығы: 3мин 54сек

Қосылды: 15.11.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.