Аутизмге шалдыққан баланың анасы: Баламның сырқатын екпеден көремін

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Бізді шектемеңіздер». Елімізде сырқат балалары бар отбасылар жеткілікті. Ешбір жағдайға қарамастан өмірге бала әкеліп, тәрбиелеп отырған шаңырақтар бар. Бірақ, олар көптеген қиындықтармен кездеседі, перзенттерінің өмірінде шектеу бар екенін сезеді. Қаламқас Шайкенова: Баламның ауруға шалдыққанын ол екі жастан асқанда білдік. Оған дейін сөйлеп, жүрген кәдімгі бала еді. 1 жас 9 айында кезекті екпесін алдық. Бірнеше күн мазасызданып, ұйқысы бөлініп, жылап жүрді. Невропатолог маман «ол қалыпты жағдай» деді. Баламыздың жағдайы күннен-күнге кері кете берді. Мұндай балаларға диагноз тез қойылмайды. Ол үшін көп бақылап, тексеру керек. Екі жастан асқанда жолдасым мақала оқып, баламның бойындағы белгілерін таныды. Ресми диагноз 4 жасында қойылды. Бармаған жеріміз жоқ, біраз есік қақтық. Аутизм проблемасы әлемде толық зерттелмеген. Шетелде мұндай диагнозды 1,5 жасқа дейін анықтайды. Оның себебін нақты ешкім айта алмайды. Ондай балалар көбейіп келе жатыр. Ана ретінде екпеден көремін. Жолдасым, туыстарым қолдап, көмек беріп, осы күнге дейін алып келе жатырмыз. Аутизм ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік жағынан қиын. Олар басқа балалармен байланыс орната алмайды, ойын жеткізе алмайды, сыртпен байланысы үзіледі. Балам арнайы мектепте емес, жалпы мектепте инклюзия бағдарламасы бойынша 3 сыныпта оқиды. Өйткені сабақ оқып, айтқанды ұға алады. Басқа балаларға қарап, түзеліп кетуі әбден мүмкін. Баламның сауығып кететініне сенеміз.

Көрулер: 1 593

Ұзақтығы: 14мин 32сек

Қосылды: 08.11.2018

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.