Болат Әбділманов: «Өсиет» ағайын арасындағы бауырмалдылыққа баулитын туынды

Ұлттық арнадан жуырда көрермендерге «Өсиет» атты жаңа отандық телехикая жол тартты. Телехикаяда басты рөлдердің бірін актер Болат Әбділманов сомдайды. Театр және кино актері Алматы студиясының қонағы болып, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. «Өсиет» - көпшілікті адамгершілікке, ағайын арасындағы бауырмалдылыққа, мейірімділікке шақыратын кино. Мен кинода бақуатты адамды сомдадым. Желі бойынша үш қызым болады. Кино осы үш қызбен ара-қатынасымыз туралы. «Адал еңбегімен жинап-тергенін қыздарына берген әке олардың арасындағы салқындықты, қатігездікті байқайтын болады. Қыздары мен күйеу балаларының тек ақша, дүние үшін өмір сүретінін көріп, тәрбиеде бір ағаттық жібергенін сезеді. Осылайша, әкесі қыздарға шарт қойып, олардың бір-біріне мейірімі мен жанашырлығын оятқысы келеді». Сондай-ақ театр актері осы салаға қатысты да ой-пікірін білдірді. «Жеке театрларға көзқарасым жақсы. Онда көбінесе жастар қызмет етіп жатыр. Еңбектері ақталып та жатыр. Театр ашу, режиссерлер мен актерлерді тартып, қойылым қою – үлкен жұмыс. Актер өзін өмір бойы дәлелдеу керек. Кешегі образ бүгінге көрсеткіш емес», - дейді өнер иесі.

Көрулер: 3 339

Ұзақтығы: 15мин 29сек

Қосылды: 05.11.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.