Бүгін ҚР Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың дүниеге келген күні

Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев Павлодар облысында дүниеге келген. Әнші, күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған ортасында өскен Мұзафар 5 жасында әріп танып, оқи бастаған. 6-шы сыныпқа келгенде ауыл кітапханасының 15-тен аса кітабін оқып шыққан. «Бауырсақ» ертегісінен бастап, батырлар жырын, Пушкиннің төрт томдығын тауысқан баланың алғырлығы ауылдастарын таң қалдырған. 8 жасында әкесінен, 13 жасында анасынан айырылған ол жетімдіктің зардабын алғаш рет өлең жолдарымен жеткізген. ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғанда әскер қатарына аттанған бозбала дайындықтан өтіп, Калинин майданына жіберіледі. 1943 жылдың шілдесіне дейін соғыс даласында болған жауынгер танк батареясының командирі болған. Соғыстан соң Мұзафар Әлімбаев Шығыс Германия жерінде әскери қызметке қалдырылып, 1948 жылы елге оралған. Ол шығармашылығын майдан шебінде бастаған ақындардың бірі. Ақынның туындылары әлемнің 38 тіліне аударылған. Оның балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі үлкен. Өзі негізін қалап, 28 жыл басқарған «Балдырған» журналы талай ұрпақты тәрбиеледі. Бала психологиясын зерттеген ақын 64 кітаптың авторы. Қаламгер мақал-мәтелдерді жинап, зерттеумен қатар, өзге халықтың нақыл сөздерін аударды.

Көрулер: 2 161

Ұзақтығы: 3мин 38сек

Қосылды: 29.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.