Бразилияда әсіре оңшыл бағытты ұстанушы Жаир Болсонару президент атанды

Бразилияда әсіре оңшыл бағытты ұстанушы Жаир Болсонару президент атанды. 63 жастағы саясаткер сайлаушылардың 55 пайыз дауысын жинап, өзінің екінші турдағы қарсыласын басып озған. Жаңа президент 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметке кіріседі. Болсонаруды кейбіреулер «тропикалық Трамп» деп атап жүр. Өйткені, саясаткер сайлауалды науқан кезінде АҚШ президенті Дональд Трампқа еліктеп, оны үлгі тұтатынын мәлімдеген еді. Бразилияның жаңа мемлекет басшысы әйелдерге, иммигранттарға қарсы мәлімдемелері үшін сынға алынып келді. Бұған қоса, оның әскери диктатураны қолдайтыны туралы да айтылып жүр. Болсонару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге уәде берді. Биліктегі коррупциядан қаған бразилиялықтардың көбі жаңа президенттің жемқорлықты түбегейлі жойып, елге өзгерістер әкелетінінен үмітті.

Көрулер: 1 502

Ұзақтығы: 0мин 49сек

Қосылды: 29.10.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.