Маңғыстау облысында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйесі іске қосылды.

Қазір трендтегі сөз – цифрландыру. Жұмыр жердің миллиардтаған тұрғыны, түрлі қауым, түрлі жұрт жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап, цифрландыру дәуірінің сиқырлы әлеміне еніп барады. Осы апта Маңғыстау облысында аналогтық телевизиялық сигнал тарату тоқтатылды. Оның орнына осы заманғы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйесі іске қосылды. Сөйтіп, осы кезге дейін санаулы арналарды ғана көріп келген өңір жұртшылығы сапасы жоғары, отандық 15 телеарнаны тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шарапаты. Тоқетері - технология атаулыға тіл бітіргендер ғана қара үзіп, алға озады, ал, оған ілесе алмағандар шаң жұтып артта қалады. Оны Корея, Сингапур, Франция сынды дамыған мемлекеттер арқылы әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Сондықтан, Қазақ Үкіметі ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамту, цифрлы технологияны көлік және логистикаға, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы саласына және электронды саудаға енгізуді көздеп отыр. Ал, енді сол «цифрландыру» деген сөзді көп айтып, көп қолданғанымызбен, оның негізгі мағынасына біз қаншалықты үңіліп жүрміз?

Көрулер: 1 537

Ұзақтығы: 5мин 31сек

Қосылды: 28.10.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.