Еліміздегі ең жас директор Талғар Талғатұлы «Таңшолпанда»

Халықаралық қатынастар және туризм колледжінің директоры Талғар Талғатұлы ең жас директор ретінде «100 жаңа есім» жобасына кіріп отыр. «Бала күнгі арманым – әкемнің рекордын жаңарту еді. Себебі, әкем 25 жасында мектеп директоры болған. Тарихта ең жас директор болып қалғым келді. Еңбек жолын 2014 жылы бастадым. Екі жыл мұғалім, одан кейін колледж директорының орынбасары қызметін атқардым. Адам баласы күнде ізденіп, оқуы керек. Басшылық қызмет – үлкен жауапкершілік. Өмір барлығына үйретеді. Жалпы, мені жаңа форматтағы директор десе де болады. Директор десе, көз алдымызға қатал бейне келеді. Алайда, мен ондай емеспін. Балалардың, әріптестердің ішкі дүниесін зерттеп, қатар келе жатырмыз. Колледж студенттерінің 70 пайызы ғылыми жұмыспен айналысады. Арасында конкурстарға қатысып, жеңіске жетіп жатыр. Биыл сайысқа 5 жобамызды қатыстырдық. Оның бірі - көпқабатты автотұрақ мәселесіне қатысты. Үздік шығып, бәйге алатынына сенеміз. Оның ерекшелігі – 2 автокөліктің орнына 32 автокөлік сыйдыру. Жоба экологиялық тиімді, сапалы, көп қаржыны талап етпейді. Жалпы, осы жобаны енгізу бойынша Алматы қалалық әкімдігіне ұсыныс білдірдік. Қолдау тапса, көпшілікке қолайлы болар еді», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 866

Ұзақтығы: 9мин 56сек

Қосылды: 26.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.