Ардақ Назаров: Еліміз мықты болуы үшін ұрпағымызды тәрбиелеуіміз керек

Әке көрген оқ жонар. Баланы ұлша тәрбиелесең - ұл, құлша тәрбиелесең - құл болады. Темірдей тәртіп пен беріктік, намысшыл болу мен жауапкершілік, шаруаға ептілікті бала анадан емес әкеден үйренеді. Ұл баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Жалғызбасты аналар әкенің бейнесін қалыптастыра ала ма? «Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – әке мен бала. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров бағдарлама қонағы болды. «Ер азамат – қоғамның тірегі, елдің, әйелдің ертеңі. Еліміз мықты, текті болуы үшін ұрпағымызды тәрбиелеуіміз керек. Ер-азаматтың тәрбиесінің маңызы зор. Әкем бала кезімізден бізге аулада спортпен шұғылдануды үйреткен. Ешқашан ұрлық жасама, алдама деп өсиет қалдырған. Қайда жүрсе де ақылын айтып отыратын. Арман қуып Алматыға келдік, студент болдық. Бірақ қандай жағдай болса да ұрлық жасамадық. Әкенің айтқан қағидаты жүрегімізге сіңді. Рухани тәрбие беру, баласының жақсы жар таңдауы - әке міндеті. Ана тәрбиесі де маңызды. Әке түзде болған соң, бала анамен көп уақыт болады. Атақты хан, батырларымызды аналар өсірген. Балаға мейірім керек. Бала оны сезеді. Біз бермесек, ол мейірімді даладан іздейді. Ал көшеде кімге ұрынатыны белгісіз. Сондықтан бала кезінен баланы қасыңа ертіп, ақылыңды айтып, қолдау керек. Тек ақыл айтып қана емес, өзіміз көрсетуіміз керек. Әке мен шеше алдымен өзін тәрбиелеу керек», - дейді спортшы.

Көрулер: 2 477

Ұзақтығы: 18мин 08сек

Қосылды: 22.10.2018

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.