Қазақ өнерін зертеуші жапондық Фуки Яги «Men qazaqpyn» жобасында қонақта

Жапон ұлтының өкілі, қазақ өнерін зертеуші Фуки Яги мырза «Таңшолпанның» қонағы болды. Фуки Яги 5 жылдан астам уақыттан бері қазақ өнерін зерттеп келеді. Қазақ тілімен қатар, домбыраны үйреніп, халық әндерін орындап жүр. Сондай-ақ, ол бүгін шақырту бойынша Ұлттық арнаның «Men qazaqpyn» жобасына келді. «Мен Жапон елінен келдім. Жасым 27-де. 2010 жылы Моңғолия еліне барып, сондағы қазақтардың өмірін, мәдениетін, дәстүрін зерттедім. Одан кейін Қазақстанға келдім. Қазақ елінде қазақ тілін, домбыраны үйреніп, өнерін зерттеп жүрмін. Жапон халқы мен қазақ халқының өнерінде ұқсастықтар көп. Мысалы, қазақтың жетігені жапонның като аспабына ұқсайды. Ал, тілді үйренуге келетін болсам, қазақ тілін үйренгенде біраз қиналдым. Арнайы сабақ оқыған жоқпын. Тек жұмыста, араласқан ортамда үйрендім. Жапон еліне оралғанда қазақ мәдениеті мен өнерін сонда насихаттайтын боламын», - дейді қонақ. Фуки Яги «Қайран заман» халық әнін орындады.

Көрулер: 1 954

Ұзақтығы: 9мин 02сек

Қосылды: 11.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.