Көлік салығы енді «Сергек» камерасы арқылы анықталмақ

«Сергек» камералары арқылы енді тұрғындардың көлік салығына берешегі бар-жоқтығы анықталмақ. Астана қалалық ІІД мен бірге Мемлекеттік кірістер комитеті рейдке шыға бастады. Ол бойынша тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқан кезде оның көлік салығына қарызы бар-жоғы тексеріледі. Жоба пилоттық режимде ең бірінші Астана қаласында жүргізіледі. Көлік жүргізушінің салық берешегі болған жағдайда хабарлама жеткізіледі. Статистикаға сәйкес, республика бойынша 734 059 азамат мемлекетке 18,9 миллиард теңге көлемінде салық қарыз. Оның ішінде 80 мыңы Астана қаласына тиесілі. Салық қарызы бар борышкер хабарлама алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде оны төлеуі тиіс. Оны өтемесе, 30 күн өткеннен кейін сот орындаушыларына хабарлама жіберіледі. Олар заңнамаға сәйкес борышкерге шара қолданады. Тиісінше борышкерге шетелге шығуына тыйым салынады және банктегі есепшоттары бұғатталады.

Көрулер: 1 944

Ұзақтығы: 1мин 44сек

Қосылды: 11.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.