Сұлтан Оразалы: Шерхан Мұртаза бүкіл өмірін журналистикаға арнаған тұлға

Күні кеше қазақтың ортақ қазынасы Шерхан Мұртаза мәңгілік сапарға аттанды. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы және жазушы Сұлтан Оразалы «Таңшолпанның» төрінде нар тұлға туралы әңгіме қозғады. «Шерхан Мұртаза журналист, жазушы ғана емес. Оның біздің қоғамымызда алатын орны ерекше. Шер аға журналистикаға алғаш келгеннен бастап бүкіл өмірін осы салаға арнаған адам. Бұл мамандықтың Қазақстанда беделінің көтерілуіне бірден-бір себепкер болған жан. Қаламгер қазақ елінің басына нәубет төнген жылдары дүниеге келген. Сол жылдардағы статистикаға сәйкес, туылған балалардың мыңнан біреуі ғана тірі қалып отырған. Шерхан мыңға баланған бір адам. Қазақ қоғамында алпысыншы жылдардан бастап басты рөлді атқарады. Оның тағдырына қарасақ, ол Қазақстанның ең басты баспасөздерінде басшылық қызмет атқарған екен», - дейді Сұлтан Оразалы. «Шерхан Мұртазаның жазушылығы бөлек, үлкен әңгіме. Оның алғаш жарық көрген және кейінгі туындылары халықтың сүйікті шығармаларына айналған. Әңгімелері өте мөлдір, өзінің болмысына сай, өзгеше. «Ай мен Айша» - нар тұлғаның сол өзгеше тағдырымен байланысты туынды», - дейді Қажығали Мұханбетқалиұлы.

Көрулер: 1 836

Ұзақтығы: 17мин 43сек

Қосылды: 10.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.