Еліміздің жас өнертапқыштары зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты

Дүниежүзінде жыл сайын робототехника қарыштап дамып келеді. Әсіресе, студенттер мен мектеп оқушыларының робот құрастыратын үйірлерге қызығушылығы жоғары. Жапондық жастар жаңа технологияны ойлап шығарудан бірінші орында тұр. Мысалы, 8 жасар жапон баласы өз қиялындағы роботты жасап, көпшілікті таңқалдырды. Ал, ресейлік 15 жасар өнертапқыш аула тазалайтын роботты құрастырып, өндірісте қолдануға патент алған. Тапсырыс беруші компаниялар көп екен. Біздің елімізде де робот құрастыратын жас өнертапқыштар аз емес. Солардың бірі 16 жасар Любовь. Ол 8-ші сыныптан бері робототехникамен шұғылданады. Ол бағасы қымбат роботтарды емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет техника құрастыруды жоспарлайды. Жас өнертапқыш Қытайда өткен Халықаралық байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға зағип жандарға арналған кітапхана тарапынан сұраныс бар. Себебі бұл көзі нашар көретін жастардың білім алуына өте қажет. Алпауыт компаниялар роботтардың көмегіне жиі жүгінеді. Себебі бір робот он жұмысшының орнын ауыстыра алады. Әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат роботты кореялық компания құрастырған. Салмағы 105 тонналық техникаға 200 млн доллар қаржы жұмсалған. Біздің елімізде де робототехника дамыса, жас өнертапқыштарымыз құрастырған роботтарға сұраныс көбейетіні сөзсіз.

Көрулер: 3 431

Ұзақтығы: 3мин 30сек

Қосылды: 09.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.