Актер Димаш Ахимовтың шығармашылығына 50 жыл

Ұлттық кинематографияға еңбегі сіңген, халықаралық кинотуындыларға үлес қосып келе жатқан актер Димаш Ахимов – қазақ өнерінің мақтанышы. Семей облысында дүниеге келген Димаш Ахимов мектепті тәмамдаған соң, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды мақсат еткен. Бойы 2 метрге жуық бозбала Алматыдағы Дене тәрбиесі институтына құжат тапсырғанымен орыс тілін білмегендіктен сынақтан құлап қалады. Ауылға қайтуға жиналып жүргенде жас жігіттерді киноға түсіруге шақырған хабарландыруды көзі шалады. Бұл әйгілі «Қыз Жібек» фильмі еді. Димаш Ахимовтың кинодағы алғашқы қадамы осылай басталған еді. Арада 50 жыл өте шығыпты. Елу жылдық шығармашылылық ғұмырында актер 100-ден аса рөлді сомдады. Актер шығармашылық жолында талай жақсы мен жайсаңдардың қамқорлығын көрді. Фильмдерде ойнаған кейіпкерлері әртүрлі, санқилы. Актерге шетел режиссерлері жиі ұсыныс тастайды. Димаш Тілеулесұлы таяуда 70 жасқа толды. Тұлғасы мен қазақи болмысы ерекше, шеберлігі талай сынақтан өткен әлемдік кино саласында да үлкен сұранысқа ие актердің мерейтойы жыл соңына қарай аталып өтеді.

Көрулер: 1 935

Ұзақтығы: 4мин 38сек

Қосылды: 24.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.