Алматыда Райымбек Сейтметовтың 80 жылдығына орай XXVI Республикалық театр фестивалі өтіп жатыр

«Өнер жолы – қиын жол. Оған талмайтын қанат, сарқылмайтын шабыт керек». Бұл ҚР Халық әртісі, актер, режиссер Райымбек Сейтметов қалдырған өсиет. Өнер иесін еске алуға әріптестері мен достары, көрермендер жиналды. Көз көрген замандастары театр сүйер көпшілікке тағлым боларлық түрлі естеліктер айтты. Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында дүниеге келген. Актер, театр режиссері, педагог-профессор 1959 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында Асқар Тоқпановтан тәлім алып, 70-ші жылдары Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген. Театр сахнасындағы алғашқы рөлі Қуандық Шаңғытпаевтың «Беу қыздар-ай» атты комедиясындағы ақын образы еді. Сахна сөзінің мағыналы болуына ден қою, жарқын мінезді, шынайы бейнелерді жасауға ұмтылу Райымбек Сейтметовтың шығармашылығына ғана тән еді. Райымбек Сейтметов Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Ол М.Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды, У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды рөлдерді шебер сомдаған дарынды артист. 2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды. 80 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық фестивальге Астана қаласының жастар театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма тетары, М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрларымен қатар, эксперименттік тәуелсіз театр труппалары қатысты.

Көрулер: 3 070

Ұзақтығы: 4мин 05сек

Қосылды: 19.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.