Тренинг қажеттілік пе сән бе?

АҚШ, Еуропа елдер тренингтерден кеткелі қашан. Ал, біздің елде бұл үрдіс енді қарқын алуда. Елімізде 200-ге жуық тренинг орталықтары бар. Бұл тіркелгендері. Ал, тіркелмегені қанша? Оған шет елден келіп, тренинг өткізетіндерді қосуға болады. Барлық жиындар ақылы. Соған қарамастан тренинг – тренд. Тренинг сән, эпидемияға айналды. Неліктен? Бүгін бағдарлама қонағы болған әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова осы сұрақтарға жауап берді. «Тренингтің екі түрі болады: бизнес тренинг және әлеуметтік-психологиялық тренинг. Бизнес тренингтердің дамуы глобализациялық проблемаларға байланысты. Заман адамдардан белгілі білімді талап етеді. Сондықтан, бизнес тренингтер қажеттілікке ие болып жатыр. Бизнес тренинг – сыртқы қажеттіліктер. Ал, әлеуметтік-психологиялық тренинг – ішкі қажеттілік. Сондықтан, бұл мәселеге басқаша қарауымыз керек. Ең қауіптісі де осы жерде. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің аудиториясын қарайтын болсақ, көбінесе әйелдер, жастар. Психологиялық тренингтердің көбеюінің тағы бір факторы – саясат. Психологияның саясаты бойынша адамдарды бір-бірден жинағаннан олар аз келеді. Сондықтан, топтық психология пайда болды. Мысалы, адамдарды бір топқа жинап, бір мәселені талқылау. Өмір қазір адамға талап көп қоятындықтан, адамның күйзеліске ұшырауы жиілеп кетті. Адамдар тұрақтылық табу үшін осындай тренингтер іздей бастайды. Психологқа бара алмайды, себебі ақысы жоғары және қоғамның көзқарасы да оңды емес. Сол себепті, адамдар өздеріне қолайлы орын іздейді, ол топтық психология», - дейді маман.

Көрулер: 3 630

Ұзақтығы: 10мин 12сек

Қосылды: 11.09.2018

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: TamashaTV

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.