«Ulys» цифрлық журналы жарық көрді

5 қыркүйек күні елімізде «Ulys» журналының тұсаукесері өтті. Журналдың бас редакторы, журналист Ержан Қалымбай, техникалық директоры Болат Әскерұлы «Таңшолпанда» қонақта болып, журналдың мазмұны, басты мақсаты туралы сөз қозғады. «Ulys» журналы - ақылды технологияларды қолданған соңғы үлгідегі журнал. Қазір ақпараттық әлемде бәселестік дәуірі. Біз сол бәсекелестікке қабілетті болуымыз керек. Осы мақсатта әлемдегі ең соңғы үлгідегі трендтерді пайдалана отырып, «Ulys» журналын қолға алдық. Журналдың тағы бір мақсаты – сапалы контент қалыптастыру. Қазақ тілінде ақпараттық-сараптамалық бағытта контент аз. Сондықтан бұл журнал таза қазақ тілінде шығады. Үлкен трендтік, саясатқа қатысты, геостратегияға қатысты тақырыптарды қамтиды. Әсіресе Орта Азия мен Түркі әлеміне басымдық береміз. Журналдың әрбір санында Қазақстан мен Түркі әлеміне қатысты сараптамалық мақалалар мен сұхбаттар жарияланады. Әзірше журнал тегін. Электронды түрде тіркелуге болады. Сондай-ақ қосымшасын жүктеп алуға болады. Бауырлас елдермен рухани интеграцияны күшейту мақсатында журнал қырғыз, өзбек тілінде шығады», - дейді Ержан Қалымбай. «Ulys» журналының басқа журналдардан ерекшелігі – ол интерактивті. Бұл журнал мультимедиялы, дыбысы, арнайы эффектілері бар, оқырманға тақырыпты ашып беретіндей құралдар қолданылған. Демек, заманауи тірі журнал десек те болады», - дейді Болат Әскерұлы.

Көрулер: 2 380

Ұзақтығы: 14мин 18сек

Қосылды: 11.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.