Әнші Мақпал Диханбаева қайда жүр?

Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылым» әнімен танымал болған әнші өнер әлемінен неліктен қол үзіп кетті? «Сіз қайда жүрсіз?» айдарының бүгінгі кейіпкері көп әндерімен халықтың есінде қалған әншілердің бірі Мақпал Диханбаева. Мақпал Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келген. Бала кезден өнерді жанына серік еткен ол Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім ала жүріп, оқу орындарындағы іс-шараларға белсене араласты. Одан кейін «Муз-арт» продюсерлік орталығында Арман Бексұлтанұлының жетекшелігімен ән жаздырып, сахнаға қадамын бастаған. «Халық алдында көрінбей кетсем де қазіргі уақытта студияда ән жаздырып жатырмын. Болашақта 6 бейнебаян түсіруді жоспарлап отырмыз. Қыз баланың ең бірінші міндеті – ана болу. Кішкентай екі ұлым бар. Осы уақытқа дейін балаларымның тәрбиесімен үйде отырдым. Жолдасымның рұқсатымен әндерімді айтуға үлкен сахнаға дайындық үстіндемін», - дейді әнші. 8 жылда үйде отырып, Райымбек, Иманәлі балапандарына мейірімі мен махаббатын арнаған Мақпал шығармашылығына білек сыбана кіріспек. Әншінің көрермендермен көрісетін уақыты алыс емес.

Көрулер: 2 679

Ұзақтығы: 6мин 51сек

Қосылды: 10.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.