Еліміздегі ең көне көліктер қай облыста?

Қазір Қазақстанда 3 828 900 жеңіл көлік тіркелген. Оның 2 393 500-і, яки 63 пайызының зауыттан шыққанына 10 жылдан асыпты. Көпті көрген көліктердің келесі тобының қолданысқа енгеніне 7-10 жыл болған. Біздің елде олардың саны 290 000 екен. Ал, жүргізушінің тізгініне түскеніне 3 жылдан аспаған көліктердің үлесі 12,8 пайызға азайған, саны 520 900. Мамандардың айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын Қазақстанда 165 000 жаңа көлік сатылған. Оның 70-75 пайызы несиеге берілген. Ал, 2018 жылдың 7 айында  тек 35 000 темір тұлпар салоннан сатылыпты.  Осы тұста елдегі ең көне көліктер қай облыста деген заңды сұрақ туады. Тізімде бірінші Жамбыл облысы тұр. Ондағы машиналардың 81,3 пайызының тозығы жеткен. Екінші Алматы облысы, жолда жүйткіген автокөліктерінің 77,5 пайызы ескі. Үшінші сатыда Түркістан облысы. Ең кенже облыстағы жеңіл көліктердің 69,4 пайызы тозған.   Ел көне көлігін жаңаласын деп арнайы орталықтар ашылды. Ол жаққа тозған темір тұлпарын апарған ағайынға арнайы сертификат беріледі. Сол арқылы жеңілдікпен Қазақстанда құрастырылған жаңа автокөлік алуға болады делінген. Шынын айту керек, сертификатта көрсетілген сома жаңа көлікті бүтін алу тұрмақ бөлшегін алуға жетер-жетпесі екіталай деп сынағандар көп болды. Бұл сын орынды, өйткені, біздің елде құрастырылса да машина бағасы шарықтап тұр. Осы тақырып турасында Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.

Көрулер: 2 322

Ұзақтығы: 9мин 02сек

Қосылды: 08.09.2018

Пайдаланушы: Мәселе

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.