Президент Конституция күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті

Қазақстан конституциялық құрылым ісіндегі ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Мемлекет басшысы бүгін Конституция күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушыларды қабылдау барысында осылай деді.  Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев Ата заңның тарихына тоқталып, төлқұжаттың ерекше тұстарын атап өтті. Сондай-ақ, Президент негізгі құжаттың жоғары заңдық күшін қамтамасыз ету барысында құқық үстемдігін орнықтыру саясатын мақсатты түрде жүргізіп отырғанына тоқталып, еліміздің әлемдік аренадағы жетістіктеріне назар аудартты. «Ширек ғасырдан астам уақытта ел экономикасы 22 пайызға өсіп, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарттық. Жұртшылық өздерінің діни салтын еркін ұстанып, өз ана тілінде сөйлей алатын, сондай-ақ, мәдениетін сақтайтын көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет құрдық», - деді Мемлекет басшысы. Мұның барлығы басты құжаттың арқасында жеткен жетісік. Ал, халықаралық сарапшылар Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Конституция күнін мерекелеу түрлі институттар арасындағы қатынастарды реттеудің берік негізі әрі құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың кепілі саналатын ең маңызды құжаттың мәні зор екенін айғақтайтынын атап өтті.

Көрулер: 1 750

Ұзақтығы: 2мин 40сек

Қосылды: 29.08.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.