АҚШ-та өткен аптада табылған заңсыз лагерьде балаларға қарудан оқ ату үйретілген

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында өткен аптада табылған заңсыз лагерьде балаларға қарудан оқ ату үйретілген. Кейін қылмыскерлер бұл балаларды мектептерде теракт жасау мақсатында пайдаланбақ болған. Бұған қоса, лагерь аумағынан кішкентай баланың мәйіті табылды. Марқұм осы жерде 11 баланы кепілде ұстаған қылмыскерлердің бірі Сираж Ибн Вахаждың жоғалып кеткен 3 жастағы ұлы болуы мүмкін. Заңсыз лагерьді полиция осы бүлдіршінді анасының өтінішімен іздеу кезінде анықтаған. Жалпы, осы іс бойынша 5 ересек - екі ер адам мен үш әйелдің ұсталғанын өткен аптада хабарлаған едік. Үш әйел осы лагерьде кепілде ұсталған 1 және 15 жас аралығындағы балалардың аналары болуы ықтимал. Олар қазір уақытша қамау орталығында отыр. Сонымен бірге,  Вахаж қоғамға, құтқарылған балаларға қауіпті болғандықтан, сот оны кепіл ақшаға босатпауды талап етті. Онымен бірге балаларды қамауда ұстаған Лукас Мортон есімді сыбайласы да ұсталды.

Көрулер: 1 419

Ұзақтығы: 0мин 57сек

Қосылды: 09.08.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.