Мұрат Әбенов: ҰБТ-да көрсеткен нәтиже бір айда ұмытылып қалатын жаттанды білім

«1 студия» ток-шоуының осы аптадағы шығарылымына тестілеу жүйесіндегі биылғы өзгерістер мен жаңалықтар тақырыбы арқау болды. Студия қонақтары - ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов, «Ұлттық білім және инновация палатасының» төрағасы Мұрат Әбенов, «EDTECH» Халықаралық білім орталығының директоры Ғани Бейсембаев, ЕҰУ Қабылдау комиссияның жауапты хатшысы Мақсат Аралханов, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің кафедра меңгерушісі Асхат Наметша. «Өздеріңіз білетіндей жаңа форматқа екі жыл болды. Біріншіден, «Алтын белгі» мектепте дәлелденеді. Бұл - ең басты ерекшелік. Бұрынғы ескі формат бойынша бұл күрделі еді. Үш сағат уақыт ішінде оқушы мектепте 11 жыл оқыған білімін, оқуға түсу конкурсы бойынша және «Алтын белгіні» қорғауы керек болатын. Жаңа форматтың екінші ерекшелігі – бала тек қана жоғарғы оқу орнына түсетін, конкурсқа қатысатын кезде ғана ҰБТ-ге қатысады. Былтыр ҰБТ-ге 88 мың тапсырыс болса, биыл 97 мың тапсырылды. 102 мыңнан астам түлек өтініш берді. Биылғы жылдың көрсеткіші жақсы. Былтыр орташа көрсеткіш 80 пайыз болса, биыл ол 83 пайызға көтерілді», - дейді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. «Қазіргі өзгерістер дұрыс. Бірақ, ол барлық мәселені шешеді деп ойламаймын. Себебі, оқу бітірген соң түлекке нарыққа шығу үшін қандай қасиет керек? Ол іскерлік, бизнес жасау, өз-өзін дамыту, көрсете білу. Бұлар тестілеуде көрсетілмеген. Жетістікке жету үшін бірнеше мамандық, бірнеше тіл білу керек. Сол кезде ғана таңдаулы маман боласың. Бізде таңдау пәндері шектеулі. Тағы да айтатын мәселе, Ресейде емтихан тапсырған баланы 1 айдан соң қайта тексерген. Біздің білім саласындағы тәжірибеміз ұқсас. ҰБТ-да көрсеткен нәтиже бір айда ұмытылып қалатын жаттанды білім. Ол уақытша ғана. Демек, бала тек жаттаумен шектеледі. Тек жаттаумен шектелудің кері тұстары көп», - дейді «Ұлттық білім және инновация палатасының» төрағасы Мұрат Әбенов.

Көрулер: 1 998

Ұзақтығы: 7мин 21сек

Қосылды: 23.07.2018

Пайдаланушы: Телеарна ұсынады

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.