Алтын айдарлы аймаңдай ұл. Ұлттық арна Денис Тенді еске алуға арналхан хабар ұсынды

Кеше Қазақстанның әлем мойындаған талантты ұлы құйрықты жұлдыздай ағып түсті. Халықтың махаббатына бөленген Денис Тен небәрі 25 жаста қыршыннан қиылды. Мәнерлеп сырғанаудан әлемдік тарихта аты қалған спортшының жарқын бейнесі мәңгі халық жадында. Денис Тен қаршадайынан болмыс-бітімімен дараланды. Спорттың ерекше түрімен ерте бастан айналысты. Хореография мен акробатиканың әдемі үйлесімін тапқан спорт түрінен әлемді мойындатуды армандады. Қажырлы қайрат пен биік мақсат Денисті арманына жеткізді. Күні-түні төккен тер мен еселі еңбек жас жігіттің мәртебесін асқақтатты. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Ал, 2011 жылы Астанада өткен VII Қысқы Азия ойындарына қатысып, алтыннан алқа тағынып, чемпион болды. 2013 жылы Канадада өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып оралды. 2015 жылы Хорватияда өткен Халықаралық жарыста топ жарып, 2017 жылы Алматыда өткен «Универсиада-2017» аламанында алда келді. Денис Тен Қазақстанның спорт тарихында мәнерлеп сырғанау спорты бойынша Олимпиада медалін ең алғаш иеленген спортшы. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ұлттық құраманың қоржынына түскен жалғыз медальдің иесі де осы талантты жас болатын. Оның алған қола медалі «бос қайтамыз ба?» деп алаңдап отырған Ұлттық құрама мүшелерінің ғана емес, тұтас ұлттың абыройын асқақтатты. Денис Тен осы аламанның алдында ғана аяғын жарақаттап алған болатын. Дәрігерлер спорттан бас тартуға кеңес берді. Тіпті ота жасамақ болады. Мұның бәрі жалындап тұрған жастың меселін қайтара алмады. Алға қойған мақсаттарына жету үшін мұндай қадамдардан бас тартқан қайсар спортшы батыл шешім қабылдайды. Денис Теннің ауыр жарақаттан соң мұз айдынына қайта ораларын көптеген маман күтпеп еді. Ал, ол болса қиындықтарды жеңе отырып, әлемге өзін тағы да мойындатты. Спорттың ерекше түрін шебер игерген дарынды спортшыға көз тігушілер көп болды. Бірақ, намысты жігіт өзгелердің алтын, күмісіне арбала алмады. Ол туған жердің туын әлемдік додаларда желбіретуді ғана ойлады. «Мен қазақстандықпын және қазақстандық болып қаламын» деген сертінде тұрды. Белгілі спортшы өзінің сүйікті қаласында мәңгілікке қалды. Оның қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Жас спортшының мәнерлеп сырғанау бойынша жасындай жарқырайтын кезі әлі алда еді. Күллі халық сүйікті спортшысынан үлкен үміт күтетін. Отандық және әлемдік спорт қауымдастығы оның қазасы туралы ақпаратты үлкен күйзеліспен қабылдады. Елдің махаббатына бөленген ерекше жанды қимаған халықтың көзіне жас толды. Денис тек Қазақстаның ғана ұлы емес, әлемнің жарқырап келе жатқан жарық жұлдызы еді. Өкінішке қарай, тым ерте үзілді...

Көрулер: 1 862

Ұзақтығы: 14мин 18сек

Қосылды: 20.07.2018

Пайдаланушы: Телеарна ұсынады

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.