Ел үшін басын қатерге тіккен Бекжан Тіленшиевтің айығып кетуіне қандай қарекет жасауға болады?

Оның денесінде екі оқ бар. Бірақ, оның жанын жаралайтын тек оқ емес, өзіне қуат беретін сүйген қызының қос жанары. Ел үшін басын қатерге тіккен жігіттің айығып кетуіне қандай қарекет жасауға болады? «Бала кезімде әскерде қызмет етуді армандадым. 2007 жылы мектеп бітіріп, Алматыға оқуға түстім. Оқу бітірген соң 2013 жылы әскерге бардым. Одан кейін Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жол-патрульдік полициясына қызметке оналастым. 2016 жылы 24 сәуір соңғы кезекшілігім болатын. Жұмыс күнін аяқтап, демалысқа кетуім керек еді. Одан кейін болашақ жарым Арайлыммен үйленуге дайындалуымыз керек еді. 8-ші мөлтек ауданында үйлердің арасынан қарудың дауысын естідім. Қарасам, үш азамат бір адамды атып, қашып бара жатыр екен. Қызметке орналасқанда біз ант береміз. Антымды орындау, қылмыскерлерді тоқтату үшін учаскелік полицияға хабар беріп, артынан қуып кеттім. Олар үйлердің арасымен қашып, бір үйге кірді. Артынша қуып, подъезге кіріп бардым. Олар алдымнан қарумен шықты. Менің де қолымда қару болды. Алдымен сөзге келтірдім, қаруын тастап, қателік жасамауға шақырдым. Сол мезетте подъезге мектеп жасындаға бала кіріп келді. Пәтері осы үйде екен. Балаға, үй тұрғындарына зияны тимесе екен деп ойладым. Сөйтіп тұрғанда қылмыскер мені атты. Мен оны аттым. Оның аяғы жарақаттанды. Менің мойын-омыртқама оқ тиді. Ешқандай да ауырғанды сезбедім, түсінбей де қалдым. Мұндай жағдайға тап боламын деп ойламадым», - дейді Бекжан Тіленшиев. «Бекжан екі қыздан кейінгі ұлымыз. Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылының тумасымыз. Бекжан бала кезінен спортты қалады, мінезі салмақты, сөзі тура, жаман әдеті жоқ. Енді үйленемін деп жүргенде осындай жағдайға тап болды. Мойын-омыртқасы жарақаттанып, бірнеше ай төсек тартып жатты. Отадан-ота жасатылып, оңалту шаралары жасалды. Екі жылдан бері біраз емнен өтті. Тамақ та іше алмайтын, қимыл-қозғалысы қиын болды. Осы уақыттан бері әр қимылы - жетістік. Қазіргі уақытта креслоға отырады. Қолдарын, аяғын сезетін болды. Дәрігерлердің айтуынша, жазылып кетуге мүмкіндік бар. Алайда көп уақыт пен ем, оңалту шаралары керек. Жұлынына ота жасатылу керек», - дейді Бекжанның ата-анасы. «Бекжанның заңды өкілі болып табыламын. Осы оқиға басталғаннан қасындамын. Бекжанға қарап отырмай, қолдан келгенше көмек беру үшін жиналыста осы мәселені көтердік. Жамбыл облысының 2600 ардагері қолдау көрсетті. Министрлік, департамент тарапынан көптеген қолдау жасалды. Одан басқа Тараз қалалық Жол-патрульдік полициясы ардагерлер кеңесінің және озінің әріптестерінің тарапынан қаражат аударылып, көмек беріліп жатыр. Бірақ, ол қаражат барлығына жете бермейді. Оңалтудан өту үшін үлкен қаражат керек. Әсіресе, емдеу жағына қаражат көп керек. Бекжанның өмірге деген құштарлығы, аяққа тұрып кету арманы, Арайлыммен отбасын құруға деген ниеті орындалса екен», - дейді Тараз қалалық Жол-патрульдік полициясы ардагерлер кеңесінің мүшесі Аралбек Таңатарұлы.

Көрулер: 2 589

Ұзақтығы: 29мин 40сек

Қосылды: 10.07.2018

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.