Елорда төріндегі заманауи балалар кітапханасы туралы не білесіз?

Санақ бойынша Елорданың сол жағалауында тұратын 5-15 жас аралығындағы балалардың саны 48 мыңның шамасында. Ал, оларға арналған ойын-сауық орталықтарынан бөлек білімді жетілдіру орталықтары, кітапхана жоқтың қасы еді. Биыл осы мәселе шешімін тауып, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен Балалар кітапханасы ашылды. Онда 10 мың дана отандық және шетел әдебиеті мен көркем шығармалар, газет, журналдар, электронды оқулықтар бар, қазақ, орыс шетел тіліндегі ертегілер жинақталған. Баланың зейіні мен білімін дамыту үшін зияткерлік топтар мен рухани бөлімдер де арнайы әзірленген. Балалар кітапханасында бүлдіршіндерге арналған ойын залы, шығармашылық зал, мобильді кітапхана, оқу залы, мультимедиялық сынып, үйге кітап беретін бөлім бар. Балалар оқулықты тек кітапханада емес, кітапті үйіне 15 күнге дейін алып кете алады. Одан басқа бұл орталықта тіл үйірмесі, арт-терапия, ертегі-терапия, құммен салу, ата-әже институты шоғырланған. Өнерпаз ата-әжелер балалармен рухани тәрбие беретін мәнді әңгіме жүргізеді. Ең бастысы - кітапханада тегін қызмет көрсетіледі.

Көрулер: 3 515

Ұзақтығы: 3мин 25сек

Қосылды: 09.07.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.