Абу-Дабидің тақ мұрагері Астанаға келді

Бүгін Абу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян елімізге ресми сапармен келді. Дәл қазір Ақордада қос тараптың кеңейтілген отырысы өтуде. Мәртебелі қонақты Елбасы алдымен дипломатиялық дәстүрге сай, сән-салтанатпен күтіп алды. Араб Әмірліктерімен дипломатиялық байланыс орнатқанымызға биыл 26 жыл. Қазір бұл ел Таяу шығыстағы негізгі инвесторымызға айналды. Елімізде 250-ден астам қазақ-араб кәсіпорнының жұмыс істеуі осының дәлелі. 21 бірлескен жобамыз тағы бар. Мәселен, Президент сарайының құрылысына арабтар жағы 15 миллион доллар қаржы бөліп отыр. Бұдан бөлек, Қарағанды-Астана автожолын жөндеу жұмысына және «Абу-Даби» кешенін салуға әмірліктер тарапынан миллиардтаған қаржы бөлінді.  Былтыр тауар айналымы 2 есеге артып, 643 миллион долларға дейін жеткен. Ал, жыл басынан бері, яғни, алты ай ішінде 143 миллион доллардың саудасы жасалған. Бүгінгі кездесуде де тараптар бірқатар келіссөздер жасаспақ. Атап айтқанда, қылмыскерлерді экстрадициялау, радикализмге тойтарыс беру және мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі құжаттарға қол қойылмақ.                                                         

Көрулер: 1 718

Ұзақтығы: 1мин 05сек

Қосылды: 04.07.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.