Тайвань елінен қазақ тарихына қатысты деректер әкелінді

Тарих ғылымдарының докторы, шығыстанушы Нұрлан Кенжеахмет бүгін «Таңшолпанда» қонақ болды. Шығыстанушы Тайвань елінің мемлекеттік архивінде қазақ, түркі елдеріне қатысты тың деректермен танысып, елге алып келген. Қонақ тарихи мәліметтердің құндылығымен бөлісті. «Тайвань елінен Қазақстан ғалымы ретінде шақырту алдым. Биыл наурыз айында барып, мұрағатта төрт ай болдым. Тайвань елінен алып келген деректердің 60 пайызы қазақтарға қатысты. Ол 1725-1912 жылдардағы Қазақ хандығы тұсындағы деректер. Мысалы, қазақтың үш жүзінің басын қосқан Абылай хан заманындағы біраз деректер бар. Шағатай тіліндегі деректер саны - 45. Тарихи деректерге қатысты ғылыми жұмыс жасау ойда бар. Бұл еңбекті бір жағынан деректану, әрі география жағынан қолдануға болады. Мысалы, Абылай хан тұсында Қазақ хандығының солтүстіктегі жер атаулары кездессе, Шу бойындағы жер атаулары осында кездеседі. Одан басқа жуырда Германия елінде «Қазақ даласындағы көне қалалар» монографиям жарық көреді», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 778

Ұзақтығы: 11мин 01сек

Қосылды: 04.07.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.