Қазақтан шыққан тұңғыш нейрохирург Теңдік Изақов 90 жасқа толды

Теңдік Изақов – қазақтан шыққан алғашқы нейрохирург. Ғалым Алматыда тұңғыш рет нейрохирургия курсын ұйымдастырып, ми ісіктері мен жарақаттарының алдын алу тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ардагер Елордада құрылғанына 10 жыл толған Ұлттық нейрохирургия орталығын отандық медицинаның ірі табысы деп бағалайды. Айтулы күнге орай Қазақстан Республикасының нейрохирургтерінің 4-ші конгресі өтті. Негізгі мақсат – соңғы ғылыми әдістерді қолдана отырып, еліміздегі нейрохирургияның даму болашағын айқындау. «Қазіргі уақытта Ұлттық нейрохирургия орталығы науқастарды шетелге жібермей, біздің орталықта ота жасау мүмкіндігі де мамандар да бар. Соңғы 10 жылдың нәтижесі – жоғары білімді мамандар мен практикалық нәтижелер. Осының арқасында орталықта 250-ден астам шетелдік мамандар қызмет атқарады. Отандық медицина – еліміздің көрсеткіші», - дейді Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов. Нейрохирургия саласына үлес қосқан дәрігерлердің ішінде Теңдік Изақовтың орыны бөлек. Аталған жиында дәрігердің еңбегі еленіп, марапатқа ие болды.

Көрулер: 4 170

Ұзақтығы: 2мин 18сек

Қосылды: 04.07.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.