Астанада ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді

Шілденің 4-інде елімізде ұлттық спорт түрлері бойынша ең ірі шара өтеді. Атауы - «Ұлы дала рухы» фестивалі. Оған республика бойынша 7 мыңнан аса спортшы қатысады. Көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық ату секілді сегіз ұлттық спорт түрі фестивальде қамтылған. Шара еліміздің оңтүстігі мен шығысын, батысы мен солтүстігін қамтиды. Ал, 14 облыс пен 3 қаладан іріктелген командалар фестивальдің екінші кезеңіне жолдама алады. Ол кезең Астана төрінде өтеді. Бұдан бөлек, фестиваль мен Астана күні аясында «Астана кубогына» арналған ат жарыс жоспарланған. Бәйге екі қашықтық бойынша өтеді. Аламан - 25 шақырым, екіншісі - 16. Жүлде қоры 20 млн. теңге. Ұлттық спорт салтанат құрып, «Ұлы дала рухы» асқақтайтын фестивальден қалыс қалмаңыз. 

Көрулер: 3 223

Ұзақтығы: 1мин 26сек

Қосылды: 02.07.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.