Жетіген - қазақтың жаңғырмай қалған музыкалық аспабы

Тыңдаушыға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп тек сарайларда шағын топ алдында ғана ойнаған. Жетіген аспабы түркітілдес халықтарда кездеседі. Жетіген – жеті ішекті шертпелі аспап. Заманауи жетігеннің жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Шектері аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Құрылымы күрделі аспапты жасау көп еңбекті талап етеді. Қазақтар жетігенді бар-жоғы он күнде жасап шығарады екен. Көкей Меллатұлының Қытайдан тарихи отанына оралғанына 5 жыл болыпты. Шебер отбасында дүниеге келген Көкей үшін ағаштан түйін түю табиғатына тым жақын. «Бұл кәсіпті бізге әкеміз үйретті. Кішкентай кезімізден әкеміздің домбыра, мандолин аспаптарын, жүкаяқ, сандық жасап отырғанын көретінбіз. Бала күннен оны көрген бізді ес білгенде әкеміз аспап жасауға тәрбиелей бастады. Жетіген жасаудың қиындығы – бет ағашын салу. Оның қалыңдығын біртекші, біркелкі етіп теңшеп шығару керек. Жетіген - қазақтың жаңғырмай қалған музыкалық аспабы. Оны жаңғырту, жастарға көрсету мен үшін парыза», - дейді шебер. Ұлттық құндылықты дәріптей отырып, оны кәсіпке айналдырған жас шебердің еңбегі көпке үлгі. Бұл атакәсіптің өміршеңдігін дәлелдейді.

Көрулер: 5 161

Ұзақтығы: 3мин 27сек

Қосылды: 21.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.