Елімізде Нобель сыйлығына ұсынылған физик кім?

Еліміз бойынша химия, физика саласына үлес қосқан жандар аз емес. Шетелдік ғалымдар тарапынан мойындалып, ерекше құрметке ие, Хабиболла Оспанов 4 халықаралық ғылыми жаңалық ашқан профессор. Оның бірі - металдар мен минералдардың тез еру тәсілін тапқан. Ғалым 86 жасар ғалым 7 жыл бұрын Нобель сыйлығына ұсынылған. Хабиболла Оспанов саналы ғұмырын ғылымға арнаған, еңбектері ұшан-теңіз. Соңғы жаңалығын профессор 81 жасында ашқан. Ғылыми жаңалықтардың халықаралық ассоциациясы профессорды 2003-2013 жылдары физика, химия саласында ашқан жаңалықтары үшін арнайы дипломдармен марапаттады. Онымен қатар Хабиболла Оспанов ұзақ жылдар бойы жастарды тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірді. Хабиболла Оспанов 8 баладан 12 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Зайыбы Айшагүл Батырбекқызы ғалымның барлық іс-қағаздарын жүргізіп, ашқан жаңалықтарын, жазба нұсқасын сақтап жүрген көмекшісі. Хабиболла Оспановтың мыңнан астам ғылыми жұмысы бар. Оның ішінде 15-і өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері. Ол 122 монография жазған. Оның 5-і Лондонда, 2-і Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан. Сонымен қатар ғалым 30-дан аса оқулықтар мен оқу құралдарын шығарған. Онымен қоса Англияның Кембридж университеті шығарған «21-ші ғасырдағы үздік 100 ғалымы» кітабына енген тұлға. Ғалым 48 ғылым кандидаты, 6 ғылым докторы мен 3 Phd докторын дайындап, ғылым саласына бағыттады.

Көрулер: 2 316

Ұзақтығы: 4мин 08сек

Қосылды: 20.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.