Әли Оқапов: Батыр біз үшін жай ғана әнші емес, жанұямыздың да мүшесі еді

Батырхан махаббат пен музыканың егіз ұғым екенін үйреткен аңыз адам еді. Астанада өткен еске алу концертінде көрермен ән арқылы сүйікті әншісімен қайта қауышқандай болды. Ал, досы Карина Абдуллина «Саксофон» әнін Батырсыз орындау қаншалықты ауыр екенін айтты. 2015 жыл Батырдың қазасы тыңдарманның қабырғасын қайыстырғаны анық. Әлі де әншімен кездесіп, пікірлесе алмағанына өкінетін жандар көп. Әнші Әли Оқаповтың репертуарында Батырға арналған ән бар. Батыр Әли үшін ерекше жан. Себебі, әкесіндей ақылшысы болған. «Қиын немесе тосын жағдайда ақылды Батыр ағадан сұрайтынмын. Ылғи да орынды, керекті кеңес беретін. Бастысы, біз үшін ол жай ғана әнші, музыкант емес, жанұямыздың да мүшесі еді», - дейді Әли. Бұл кеште көрермен көздері жасқа тола болды. Тіпті Ресейден келген достары да сахнада сезімге беріліп, көз жастарын жасыра алмады. Валерий Меладзе, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Леонид Агутин Батырға деген сағыштарын сазды әуенмен жеткізді. Батырды қазақ елі ешқашан ұмытпайтыны анық. Оның соңғы әні мен сөздері тыңдарман жүрегінде.

Көрулер: 2 072

Ұзақтығы: 4мин 42сек

Қосылды: 19.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.