Дубляж падишасы Мұхтар Бақтыгереевтің туғанына - 85 жыл

Қазақ киносы мен театр өнерінің саңлағы, көрнекті актер Мұхтар Бақтыгереевтің дауысы неге ұмытылмайды? Оның үніндегі өзгеше ырғақ, ерекше сарын, әдемілік әлі де есіңізде болар?! Актердің сан түрлі образдары, қою-қоңыр үні әр қазақтың жадында сақталып қалған. Актердің өмір жолы мен өнердегі ізі бүгінгі күні аңызға айналған. Небәрі 15 жасында бұрынғы Гурьев облыстық музыкалық драма театрында сахна жұмыскері болған жасөспірім актерлік қадамын да осында бастады. Осы театрда қойылған «Миллионерде» Баймағанбет, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлуда» Қодар рөлдерін ойнады. Ал, 1953-1956 жылдары Алматы театр училищесінде білім алып, ғұмырының соңына дейін Балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті. Актер театр сахнасында 200-ден аса рөл сомдады. Өнер табыстырған жары Мәрияш Жақсымбетова да осы театрдың актрисасы болатын. Домбыраның қос ішегіндей жарасқан жұп көптеген қойылымда бірге ойнап, көрерменнің көзайымына айналды. Мұхтар Бақтыгереев пен Мәрияш Жақсымбетова сахнадағы ең жарасымды жұптардың бірі болды. Үлкен суреткерлік, дархан шеберлік шынайы адамгершіліктен, биік парасаттылықтан туады. Мұхтар Бақтыгереев Қазақстан мен Орта Азия киноөнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. 100-ге жуық көркем фильмге түсіп, мыңдаған туындыларды қазақ тілінде сөйлеткен актер нағыз дубляждың падишасы еді. 40 жылдан аса қызмет атқарған театры көзі тірісінде актердің екінші үйіне айналған. Сахна саңлағының ұрпақтары осында жиі келіп, ата-аналарымен бірге өткізген сәттерді еске алады.

Көрулер: 2 659

Ұзақтығы: 5мин 05сек

Қосылды: 15.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.