Голландиялық өнертапқыштар уақыт машинасын жасады

Маңызды сәттерді таспаға жазуға үлгермей, сан соғып қалған жағдай әркімнің басынан өткен болар. Осыны ескерген голландиялық өнертапқыштар уақыт машинасын жасап шықты. Бұл ерекше камерадан өзіңіз таспаға жазудан бастамас 10 секунд бұрынғы оқиғаларды көре аласыз. Ерекше камера түсірілім басталмастан 10 секунд бұрын қосылады. Кейін материалды Bluetooth арқылы телефонға көшіріп аласыз. Сондай-ақ камерасыз түсірілімді тоқтатқан соң да 10 секунд бойы жұмыс істеп тұрады. Яғни, негізгі материалдан тыс 20 секундтық видео автоматты түрде жазылады деген сөз. Ғажап құрылғыны жасауға екі жыл уақыт кеткен. Жұмыс барысында камера үнемі қосулы тұру үшін қуатын үнемдеуге аса мән берілген. Қазір оның қуаты 7 сағат тоқтамай түсірілім жасауға жетеді. Кәдімгі камера линзасының мүмкіндігі - 60 градус болса, бұл құрылғы 120 градус аумақты көре алады. Және бейнені басқа құралдарға жылдам жазу жолдары қарастырылған. Өндірушілер камераны әлі де жетілдіре түспек.

Көрулер: 1 754

Ұзақтығы: 1мин 41сек

Қосылды: 15.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.