Маман кеңесі: Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?

Бүгінде елімізде менингит мәселесі өзекті болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін осы инфекциядан 12 адам көз жұмды. Дәрігер-инфекционист Гүлжанат Елтайқызы менингит, менингококк инфекциясы, оның алдын алу, емдеу туралы сөз қозғады. «Менингит – ми қабықшасының қабынуы. Оның түрлері өте көп. Бірі - менингококк жұқпасы. Бұл жағдайда сау адам өзі ауырмаса да, тасымалдаушы болады. Менингит тұмаудың асқынған түрі емес, бактерия. Менингит ауруына шалдықандағы клиникалық белгілер: дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, құсу, денеде бөртпенің пайда болуы. Алайда, ол барлығында кездеспейді. Менингит жаңа ауру емес. Меніңше, бактерия күшейді. Демек, бактерияның антибиотиктерге тұрақтылығы артты. Сонымен қатар, адам иммунитетінің төмендеуі оның күшеюне әсерін тигізеді. Бұл аурумен көбінесе балалардың тіркелуі осыған дәлел. Алдын алу шараларының бірі – адам көп шоғырланатын жерлерге бармау. Ал, барған күнде медициналық масқа тағып, оны екі сағат сайын ауыстыру. Бетпердені далада тағудың қажеті жоқ. Өйткені, бактерия 37 градуста өмір сүрмейді. Сондай-ақ, бөлме, пәтер, офистерді желдетіп, тазартып тұру керек. Вакцина салуға қатысты айтарым, жаппай бәріне салынады деп ойламаймын. Өйткені, вакцина салу үшін республика деңгейінде науқастардың саны аз, екіншіден ақылы. Мемлекет ақысына салу үшін республика бойынша науқастардың саны көп болу керек. Қазір вакцина тек шетелге шығатындарға ғана салынады. Вакцинация жасалған күнде де үш апта күту керек. Ағзада «антитела» пайда болады. Осы 21 күнде ауруды жұқтырып алмауға кім кепіл? Оның үстіне, вакцинация аурудың алдын алады деп 100 пайыз айтуға болмайды», - дейді дәрігер.

Көрулер: 2 408

Ұзақтығы: 15мин 08сек

Қосылды: 07.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.