Қазақ жеріне «Ұлы Жібек жолы бойындағы достық және әріптестік» белгісі қойылды

«Ұлы Жібек жолы бойындағы достық және әріптестік» белгісі Корей Республикасының бастамасымен 2013 жылдан бастап Қытай, Иран, Өзбекстан, Түркия, Үндістан секілді мемлекеттерге орнатылған. Бүгін сол естелік белгі Қазақ жерінде де қойылмақ. Бұл белгіні қоюға «Есік мемлекеттік қорық-музейінің» алынуының өзіндік себебі бар. Ұжым 2013 жылдан бері Корей Республикасының әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста. Сақ қорғандарын көрген ғалымдар «бізде де осындай қорымдар жетерлік», деп қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Осылайша, екі ел арасында ғылыми байланыстар дамып, өз нәтижесін бере бастады. Корея Республикасымен археологиялық жұмыстар жүргізілгеніне биыл 3 жыл болды. Таяуда Алматыда Корея Республикасының Экономиканы дамыту ұйымының бастамасымен «Ұлы Жібек жолы және солтүстік бағыттағы әріптестік» атты халықаралық форум өткен болатын. «Алтын адам» музейіндегі бұл шара осы форумның заңды жалғасы. Салтанатты жиынға арнайы келген қонақтар музейді аралап, қазақ халқының тарихымен танысты. Естелік белгіні салтанатпен ашып, қазақ елін тарихи оқиғамен құттықтап, музейден алған әсерлерін ортаға салды.

Көрулер: 2 386

Ұзақтығы: 2мин 28сек

Қосылды: 05.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.