Айбат Кәрібай домбыра жасаумен 12 жасынан айналысады

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, әр қазақтың шаңырағында домбыра ілініп тұруы тиіс. Домбыраның 20-дан астам түрі бар. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішінде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Ал, осы домбыра қалай жасалады? Кәсіптен нәсіп тапқан Айбат Кәрібай өнерінің қыр-сырымен бөлісті. Айбат Кәрібай домбыраны 12 жасынан бастап жасайды екен. Осыдан бес жыл бұрын Алтайдың әр жағынан келген. Мамандығы басқа болса да, бұл кәсіпті жайдан-жай таңдамаған. «Менің арнайы ұстазым болған жоқ. Ес білгелі үйде әкем домбыра жасайтын. Домбыраның ортасында өстік. Әкем домбыра жасаумен қатар, ойнайтын. Әкемнің өнерін көріп, біз оны шертуге, сосын жасауға құмар болдық», - дейді қолөнер шебері.

Көрулер: 3 373

Ұзақтығы: 3мин 04сек

Қосылды: 04.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.