Әлемдегі ең жас әнұрандардың бірі – Қазақстанның Әнұраны

Әр елдің салты басқа. Сондай-ақ, рәміздері де бір-біріне ұқсамауы – шарт. Өйткені, олар бүтін бір ұлыстың рухы мен табиғатынан хабар береді. Алайда, әлемде байрақтары бірдей елдер де кездеседі. Мысалы, Монако мен Индонезияның Туларын ажырату мүмкін емес. Бұларға Польшаның да Туы қатты ұқсайды. Ал, Норвегияның байрағынан мемлекеттің Туын табуға болады. Мұндай жағдай Әнұрандар арасында да кездеседі. Израильдің екінші гимніне айналған «Алтын Иурусалим» әуені басктердің бесік жырынан алынған екен. Малайзияның да ерлік жыры ұрланған екен. Әлемдегі ең ұзақ гимн гректердікі. Оның ұзақтығы – 158 шумақ. Ал, ең қысқа әнұран жапондарға тиесілі. Ол небәрі төрт жолдан тұрады. Сондай-ақ, ол ең ескі әнұрандар қатарында. Ал, ең ескі гимн - шумерлердің салтанатты гимні. Ол археологтар тапқан тақшаларға шамамен 3000 жыл бұрын жазылған екен. Ал, ең жас әнұрандардың бірі ретінде еліміздің басты әуенін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы қабылданды. Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» әні аз-кем өзгерістен кейін мемлекеттік рәміздер қатарына енгізілді. Жаңа гимн ең алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Көрулер: 3 047

Ұзақтығы: 1мин 47сек

Қосылды: 04.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.