Астанада бүлдіршіндерге жол жүру ережесін үйрететін автоқалашық ашылды

Жол жүру қызметін реттеп тұратын бағдаршамның қызметін бүлдіршінге әдетте өлең арқылы үйретеміз. Ал, оларды жаяу жүргіншінің ғана емес, жүргізушінің рөлінде сынап көрсе, қалай қарайсыз? Мұндай бастаманы Астанадағы «EVRIKUM Cars» автоқалашығы қолға алды. «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясында Ішкі істер департаменті қаладағы 1-сынып оқушыларына шеберлік сабағын өткізді. Бұл шара бойынша инспекторлар қалашық ішінде балғындарға алдымен жол ережесін түсіндірді. Кейін әрқайсысына жеке көлік беріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде байқап көруге жағдай жасады. Балалар алдымен, көлікті жалға алады. Нұсқаушылар 3 кезеңнен тұратын нұсқаулық бойынша кеңес береді. Бірінші кезеңде жалпы ереже түсіндірілсе, екінші кезеңде көлік жүргізеді. Ал, соңында балалардан емтихан қабылдап, жүргізуші кәулігі табыс етіледі. Бүлдіршіндерге автосауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін қалашықтың маңызы зор. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері балалардың қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 2 бала қаза тауып, 27 бүлдіршін жарақат алған. Одан басқа 7 бала белгіленбеген жақтан өтіп, ереже бұзған. Осындай олқылыққа жол бермеу үшін «Автоқалашық» секілді жобалардың жүзеге асырылуы көңіл қуантады.

Көрулер: 3 041

Ұзақтығы: 2мин 39сек

Қосылды: 01.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.