Канн фестивалінде Қазақ ұлттық өнер оқу орны таныстырылды

Қазақ Ұлттық өнер университеті Кино және теледидар факультетінің меңгерушісі Талғат Тұрғанбайұлы және көркемфильм режиссурасы мамандығының 4-курс студенті Нұрсұлтан Жақсарұлы студия қонағы болды. Студия қонақтары жуырда 71-ші Канн фестиваліне барып қайтқан болатын. «Самалдың Канн фестивалінде алған жеңісі Қазақ елінің жетістігі деп санаймын. Себебі Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой қазақ елінің тумалары. Бұл қазақ тарихында болмаған дүние. «Айка» фильмі өзі қызықты жайттарға толы. Мысалы, фильм аяқталмағанына қарамастан, байқауға шақырылған. Алайда, фильм уақытында түсіріліп, ерекше болып шықты. Канн фестивалі қарапайым тілмен айтқанда өнер олимпиадасы. Әлемдегі 3000 фестивальдің ішінде ең мықтысы – Канн фестивалі. Фестивальдің ерекшелігі - ұсынатын фильмнің премьерасы тек Канн фестивалінде көрсетілуі тиіс. Демек, жаңа туынды болуы тиіс», - дейді Талғат Тұрғанбайұлы. «Канн фестивалінде Қазақ ұлттық өнер оқу орны таныстырылды. Біз Кино мектебімізді таныстыру үшін арнайы павильон орнаттық. Көрмеде екі қысқаметражды картина көрсетілді. Ол Қазақстан киносыншыларының бағасын алған «Самал» фильмі және менің «Қасапшының бір күні» деректі фильмім. Өзім Тараз қаласының тумасымын. Бірақ фильмде Астана төңірегінде тұратын қасапшының өмірі туралы түсіргім келді. Бұл фильмім үш жеңіске жетіп, арнайы стипендия алдым», - дейді Нұрсұлтан Жақсарұлы.

Көрулер: 2 116

Ұзақтығы: 13мин 52сек

Қосылды: 30.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.