Ұлттық биді әлемдік сахнаға шығару үшін не істеу керек?

Қазақтың ұлттық билерін негізге ала отырып, джаз, классика, модерн жанрын үйлестірген заманауи үлгідегі туындының қоюшы-режиссері Медет Ағыбаев. Ол қазақтың ұлттық би өнерін шет елдерде насихаттап жүр. Медет Ағыбаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» би ансамблінің жетекшісі. «Қазақтың кең екендігін, еліміздің үлкен табиғатын би арқылы көрсеткім келеді. Шетелге жақсы көріністер қойғым келеді. Қазақтың көптеген күйлері бар. Сол күйлерді жаңа бағытқа шығарып, туынды мен биді араластырып, халыққа паш еткім келеді», - дейді Медет Ағыбаев. 2010 жылы ұстаздыққа бет бұрған ұстаз Алматыдағы хореография училищесінде шәкірт тәрбиелей бастады. Кейін «Гүлдер» ансамблінде режиссер-хореограф қызметін атқарды. Вашингтон қаласында түркі халықтарыныңі бас қосқан Наурыз мерекесінде «Гүлдер» би ансамблінің қойған дүниесі көпшіліктің ықыласына бөленді. 2017 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хореография кафедрасында қызмет ететін маман көптеген тың жобаларды қолға алыпты. Режиссер-хореограф Медет Ағыбаев еліміздің барлық аймағында өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыста.

Көрулер: 2 147

Ұзақтығы: 4мин 22сек

Қосылды: 30.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.