Сәбилә (Қарашаш) Әбуеваның «Дара жолы»

83 жылдық тарихы бар Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, театр ардагерлері Сәбилә (Қарашаш) Әбуева, Құралай Ешмұратова және басқа өнерпаздар «Дара жол» бағдарламасында қонақ болып, өнер көрсетті. Қуыршақ театры әртістеріне ортақ қасиет қандай? Бұл мамандықты өнер иелері қалай таңдайды? Театр сахнасында 50 жыл өнер көрсеткен Сәбилә (Қарашаш) Әбуева өзінің дара жолымен бөлісті. «Мен әжемнің қолында өстім. Ерке болғаным сонша, не ұл не қыз екенімді білмей, ұлдармен ойнап, ләңгі теуіп өстім. Бала күннен еркекшора, тентек болдым. Жалпы әртіс боламын деп ойламадым. Тек билеуді ұнататынмын. Көрші, туыстар «осы бала әртіс болады-ау» деп айтатын. Бір күні апамның туысы фестивальге баратын болды. Мені өзімен ертіп алып кетті. Фестиваль қазіргі Атырау облысындағы Махамбет Өтемісов атындағы театрда өтті. Фестивальге біраз халық әртісі, әртістер қатысты. Мен солардың ортасына түстім. Ең бірінші алған сабағым осы жер болды. Кейін Алматыға кеттім. Осылайша Қуыршақ театрындағы өмірім басталды», - дейді Сәбилә (Қарашаш) Әбуева. «Қарашаш екеуіміз 51 жыл таныспыз. Ол театрға келгенде 19 жаста мен 21 жаста едім. Нағыз қайнап тұрған жас кезіміз. Әртістер үлкен адамдар еді. Бізге режиссер, актер деп емес, бала деп қарайтын. Қарашаш керемет билеп, күлегеш еді. Қандай қойылым болса да ойнап, күліп жүретін. Қазір де сондай», - дейді Құралай Ешмұратова.

Көрулер: 2 107

Ұзақтығы: 12мин 00сек

Қосылды: 28.05.2018

Пайдаланушы: Дара жол

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.