Ақберген Елгезек «Азия әдебиет академиясын» құруды ұсынудағы мақсаты туралы айтты

Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Жас ақын-жазушылар кеңесі құрылған болатын. Күні кеше әдебиетті дамытуды көздейтін кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын шымылдығын ашқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл қаламақыға 250 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Яғни, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, қаламақыға үміткер жазушыларды арнайы кеңес іріктеп алады. Бастысы, енді жастарға көбірек көңіл бөлінбек. «Елбасының қойған мақсаты – біздің таланттарды дүниежүзіне таныту. Сонымен қатар, біздің жас таланттардың еңбектерін шетелдің алты тіліне аудару, жас жазушылардың пьесаларын театрларда қою мәселесі айтылды», - деді министр. Кеңесте ақын-жазушылар министрге қордаланып қалған мәселелерді айтып, ұсыныс-тілектерін білдірді. «Жеке басым «Азия әдебиет академиясын» құруды ұсындым. Себебі, біздің ақын-жазушылар 30-дан кейін тоқырай бастайды. Олардың шығармашылық әлеуеті бәсеңдейді. Сол үшін барлығы іздену керек. Бұл жерде тек әдебиеттану емес, әлемдік білім қазынасына сусындасақ деген ұсыныс», - дейді ақын Ақберген Елгезек.

Көрулер: 1 750

Ұзақтығы: 2мин 36сек

Қосылды: 25.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.