Мемлекет басшысы: «KADEX» көрмесінің әлеуеті жыл сайын артып келеді

Бүгін Астанада «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің жұмысы басталды. Шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, көрменің жыл сайын әлеуеті артып, әлемдік деңгейге шығып келе жатқанын атап өтті. Халықаралық көрме осымен бесінші рет өтіп отыр. Жұмысы 26-мамырға дейін созылатын көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзірбайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысуда. Одан бөлек, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, АҚШ және Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады. Бұл жерде өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара оңтайлы байланыс орнатуға, келісім жасауға қолайлы жағдай жасалған. Оған қоса, технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналып отыр. Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді. Олардың ішінен:Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны бар. Ал, Қазақстан жағынан «Қазақстан инжиниринг», «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» және «Қазтехнология» кәсіпорындарының павильондары бар. Одан бөлек, космонавтика саласының жетекші үлгілері ұсынылатын ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде көрме жұмысының ширай түсуі елдер арасында қорғаныс саласындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Көрулер: 1 479

Ұзақтығы: 2мин 40сек

Қосылды: 23.05.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.