Сұлтанәлі Балғабаев: Әдебиеттің болашағы нарықта
Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев Алматы студиясының қонағы болды. Жазушының пікірінше, нарықтық экономикаға барлық саланы, оның ішінде әдебиет пен театрды бейімдеу керек. Оны қалай жүзеге асыруға болады? «Нарықтық экономика жаңалық емес. Нарықтық экономика – адамзаттың дамуының жолындағы мыңдаған жылда қалыптасқан қоғамның дамуы. Егемендік алғалы біз жаңа қоғамға өттік. Ол кезеңдерде мен жас едім. Не істеуге болады деген мәселе мазалап, «Іскер Америка» кітабын оқыдым. Кітапта осы замандағы Америка мен оның қоғамы қалай дамығаны туралы оқыдым. Оның ішінде әдебиет, кино, театр туралы арнайы бөлімдер бар. Біздің кеңес дәуірінен келе жатқан әдісіміз дұрыс емес екеніне көзім жетті. Ол туралы мақала да жаздым. Нарықтық экономикаға бейімдеу деген шығындарды өзі өтеуді білдіреді. Дүниедегі бай адамдар бизнесінің қатарында кітап бизнесі дамыған. Мысалы, кез келген дүкенге кірсең кітаптардың 90 пайызы ресейлік. Кәсіптің ең дамыған түрі – кітап сату. Ал, бізде қалай? Бізде ол үшін мемлекеттен қаржы бөлінеді. Мұндай тәжірибе басқа елде жоқ. Өйткені, оларда кітап шығару нарықтық экономикаға бейімделген. Жазушылардың ауызбіршілігі болып, үкіметке алақан жая бермей, әншілерден тәжірибе алу керек. Мәселен, олар ән жазып, бейнебаян түсіріп, ол өнімді сатуды біледі. 10-15 жылда әдебиетті қаржыландыру тоқтайды. Әдебиеттің болашағы нарықта. Театр саласында көп қызмет жасағаннан кейін мұнда да осындай жағдай екенін білемін. Барлық салмақ мемлекетке салынған. Театр да пайда табатын орын. Шет елдің біраз театрлары келеді елімізге. Билеттің құны 7 мыңнан 25 мыңға дейін. Халық барып жатыр. Ал, біздің театрға халық бармайды. Неге? Өйткені, халықты тартып, қызықтыру керек. Дүниежүзі бойынша талап осындай. Театрдың өнері туралы режиссер, актер емес, сыншылар сөйлеу керек. Әлемде ешбір режиссер өз туындысын мақтап жатпайды. Бағаны сыншы мен халық беру керек. Драматург ретінде принципім - халық ұнайтын дүние жасау керек. Біз тарихи кезеңді бастан өтіп жатырмыз. Бізде ең үлкен мәселе – Тәуелсіздікті дұрыс пайдалану», - дейді жазушы.
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.