«Киік лағын өргізетін мезгіл» қай уақытқа сәйкес келеді?

Халқымыз киік немесе ақбөкен деп атайтын жануар Сарыарқаның кең жазығында, шөл, шөлейтті жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Киік – қоңыр аң, қазақ даласының көркі. Дене тұрқы қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайтаратын жануар. Ол негізінен қазақ даласы мен Моңғолия жерінде ғана сақталған. Текелерінің тұрқы 126-150 см, салмағы 37-49 келі, ал, ұрғашылары сәл кішірек, шамамен 109-127 см, салмағы 22-37 келі. Ақбөкендердің табынында жүздеген, мыңдаған бас бар. Әдетте топты текелер емес, ұрғашы киік бастап жүреді. 10-12 жыл аралығында өмір сүретін киіктер көктемнің кеш туатынын немесе қыстың қарлы, боранды суық болатынын алдын ала болжап, біледі. Киіктер көбіне егізден, кейде үш лақтан туады. Енесі өлген лақты кез келген киік жатсынбай емізіп, ертіп алып кетеді. Жаңа туған лақ екі-үш сағат ішінде еміп, аяқтанып кетеді. Киіктің лағын құралай деп атайды. Халқымызда ауа райының құбылмалы кезеңіне байланысты айтылатын «Құралайдың салқыны» осы мамыр айының 18-21 жұлдызы аралығына дөп келеді. Қазақта осы мезгілде «киік лағын өргізеді» деген ұғым бар. Киікті халқымыз киелі жануар деп есептейді. Ел арасында ақбөкенді атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар.

Көрулер: 6 980

Ұзақтығы: 2мин 31сек

Қосылды: 21.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.