Латын әріптерімен қазақша пернетақта іске қосылды

Мемлекеттік тілді дамыту қорының бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әріптерімен қазақша пернетақта іске қосылды. Пернетақтаның ерекшелігі –кириллицамен жазған кезде, автоматты түрде латын әріптерімен жазылады. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев студия қонағы болып, латын әріптерімен қазақша пернетақтаның іске қосылуы туралы сөз қозғады. «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан бастап біз бірнеше жобаны еске асырдық. Оның ішінде «Қазақстан 3D» порталы. Ол еліміздің киелі жерлері, шипажай орындары көрсетілген карта. Одан кейін «Жетіқазына» мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған қосымша. Бұлардың барлығын ұялы телефонға жүктеп алып, пайдалануға болады. Ендігісі латын әліпбиіне көшуге байланысты латын әріптерімен қазақша пернетақта әзірледік. Әліпбидің соңғы нұсқасы ыңғайлы болғанымен, кейбір жастар, ғалымдар келіспеушілік танытып жатыр. Ол біздің төл әріптерімізге қатысты. Көш жүре түзеледі. Әріп өзгеруі бізге қиындық тудырмайды. Себебі, қосымша кітап емес, түзету енгізу оңай жұмыс. Жобаның мақсаты – халықты тезірек бейімдеу. Пернетақта смартфондар мен планшеттерге арналған. Play Market-тен «Qazaq Latyn Keyboard» пернетақтасын көшіріп алу керек. Қазіргі уақытта 5 мыңай адам қолдануда», - дейді қонақ.

Көрулер: 3 513

Ұзақтығы: 14мин 16сек

Қосылды: 17.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.