Бүгін ақын Бәкір Тәжібаевтың туғанына - 92 жыл

Бүгін қазақ өнерінде ерекше туындыларымен есте қалған ақын, композитор Бәкір Тәжібаевтың туғанына 92 жыл. Ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев 1926 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы көркемсурет-театр училищесін бітірген. 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актерлық қызмет атқарды. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланды. «Қара торғай» тұңғыш жинағына новеллалары енген. «Сал сері-Қыз қосан», «Ана жүрегі, «Қарагөз қарындасым», «Ақтау әні» пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. «Ақ-бұлақ» әнінің шықаннына жарты ғасыр өтсе де өз биігінен түскен емес. Бәкір Тәжібаевтың жазған жырларына Әбілахат Есбаев, Нұрғиса Тілендиев, Сейдолла Бәйтереков, Ескендір Хасанғалиев сынды белгілі композиторлар ән жаз ған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев – «Қамар сұлу» операсы либреттосының, 150-дей әннің авторы. Бірқатар әндері, оның ішінде «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Аппағым-ау, Аппағым», «Гүлсің-ау» Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.

Көрулер: 3 615

Ұзақтығы: 4мин 21сек

Қосылды: 15.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.